
Дубай, 2026 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек биыл наурыз айында Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аймағынан қазақстандықтарды сәтті эвакуациялауға атсалысқан қазақ кәсіпкерлеріне ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алғыс хаттарын табыстады.
БАӘ дипломатиялық өкілдіктердің үйлесімді жұмысы мен Әмірліктерді тұрақты мекендейтін ҚР азаматтарының өзара іс-қимылы нәтижесінде
6 мыңнан астам жерлесіміз елге аман-есен қайтарылды.
Р.Жұмабек бұл ауқымды әрі жауапты эвакуация жұмыстарында белсенділік танытып, отандастарға көрсетілген қаржылай, қонақ үйде орналастыру және медициналық көмектерді ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына зор үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, қазақ дипломаты БАӘ билігі тарапынан ҚР азаматтарын елге эвакуациялау мақсатында рейстерді ұйымдастыру, шекарадан кедергісіз өткізу сияқты шаралар жылдам әрі уақтылы ұйымдастырылып, жан-жақты көрсетілген қолдау үшін де шексіз алғысын жеткізді.
Шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары, қауіпсіздігі мен амандығы – еліміздің сыртқы саяси бағытының маңызды басымдығы.