
Абу Даби, 2026 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Ахмед әл-Заабимен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екі елдің көпжақты форматтағы ынтымақтастығы, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара әрекеттестік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бұдан бөлек, екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдету мақсатында жоғары деңгейде жоспарланған сапарлардың кестесі талқыланып, олардың аясында көтерілуі мүмкін мәселелер кескінделді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растап, көпжақты ынтымақтастық мәселер бойынша тұрақты түрде «сағат теңестіріп» тұру жөнінде уағдаласты.