Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына, сондай-ақ әуе кеңістігінің жабылуына және авиациялық бағыттардың күрделену салдарынан референдум бюллетеньдерін учаскелерге жеткізуде туындаған қиындықтарға орай, Қазақстан Республикасының Абу Дабидегі Елшілігі жанындағы №447 және Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы жанындағы №438 референдум учаскелерінің жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыру мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүрген және референдумға қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған сайлау учаскелерінде дауыс бере алатынын хабарлаймыз.
Дауыс беруге қатысу тәртібі, сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен жұмыс уақыты туралы қосымша ақпаратты көрсетілген дипломатиялық өкілдіктерден алуға болады.
Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігі азаматтардан референдумға қатысуды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.