Абу Дабиде қазақ тыңдаушыларына куәлік табыстаудың салтанатты рәсімі өтті

Абу Дабиде қазақ тыңдаушыларына  куәлік табыстаудың салтанатты рәсімі өтті

Абу Даби, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академиясында ү.ж. 8-11 желтоқсан кезеңінде Орталық Азия елдерінің дипломаттары үшін ұйымдастырылған «Global Connections» бағдарламасының түлектеріне арналған салтанатты рәсім өтті.

Аталған бағдарламаға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жас буынды тыңдаушылар – А.Болатов, Б.Мүташ, Е.Шахай мен Д.Қасенова қатысты.

Академияның шақыруымен салтанатты іс-шараға Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек қатысып, түлектерге сертификаттар табыстап, оларды тиісті курсты табысты аяқтауларымен құттықтады.

Бұдан бөлек, Елші Дипломатиялық академия Бас директорының орынбасары Мұхаммед Ибрахим Әл-Дахеримен кездесу өткізіп, дипломатиялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде Астанада қазақстандық дипломаттар үшін араб тілі курстарын, сондай-ақ түрлі тақырыптық бағыттар бойынша қысқамерзімді дипломатиялық бағдарламаларды бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндіктері талқылады.

Тараптар екіжақты дипломатиялық білім саласындағы  практикалық іс-қимылды және тәжірибе алмасуды одан әрі кеңейтуге қолғабыс көрсету жөнінде уағдаласты.