Абу Даби, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердегі Masdar компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Кездесуде тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын және екі ел арасында қолға алынған жобалардың қазіргі жай-күйін талқылады.
Әңгімелесу барысында компаниянын Бас директоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде Қазақстан Елшісі елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.