Абу Даби, 2025 жылғы 1 тамыз – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Азия және Тынық мұхит елдері департаментінің директоры Абдулазиз әл-Ниядимен кездесті.
Кездесу барысында күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі сапарлар, Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі, Үкіметаралық комиссияның отырысы, Астана мен Абу Даби арасындағы әуе қатынастарын жолға қоюдың маңыздылығы, сондай-ақ өзара мүддені көздейтін салалардағыынтымақтастықты дамыту жолдары сөз болды.
Өз кезегінде, Абдулазиз әл-Нияди Қазақстан мен Әмірліктер арасында барлық бағыт бойынша қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, байланыстарды одан әрі нығайтуғаәзірлігін жеткізді.
Бұдан бөлек, тараптар екі елдің серіктестігін кеңейту, қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру, екіжақты келісімдер бойынша шарттық-құқықтық базаны жаңарту жолында күш-жігер біріктіруге уағдаласты.