Абу-Даби, 2025 жылғы 27 тамыз –Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған қазақстандық делегация ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
М. Сұлтанғазиев Ұлттық медиа-офисінің басшысы шейх Абдалла бен Мұхаммед бин Бутти Әл Хамедпен келіссөздер өткізді.
Сапар аясында Алматы облысындағы шамамен 600 га аумақты қамтитын заманауи эко-қоғамдастық – «Talgar Eco City» экологиялық қаласының таныстырылымы өтті.
Жоба тұрғын үй кварталдарын, білім беру және медициналық мекемелерді, сауда-мәдени орталықтарды, сондай-ақ кең жасыл аймақтарды қамтиды. Оны халықаралық AE7 (БАӘ) компаниясы әзірлеген және Dinar Holding Ltd. (Қазақстан) мен 44Degree (БАӘ) бірлесіп іске асыруда.
Жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге және стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.