Қазақстан мен Әмірліктердің инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Әмірліктердің инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Абу Даби, 2025 жылғы 25 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің Энергетика және инфрақұрылым министрі, Қазақстан бойынша арнаулы өкіл Сухейл әл-Мазруимен кездесті.

Кездесуде Қазақстан дипломаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың жан-жақты дамып келе жатқанына назар аударды.

БАӘ министрі Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып, Абу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның биыл мамыр айындағы Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау маңыздылығын айтты.

С.әл-Мазруи екі елдің қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделілігін растады, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, биыл 24-25 қарашада Астанада жоспарланған Үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысына дайындық жұмыстарын пысықтауға уағдаласты.