Қазақстан Елшісі БАӘ Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі БАӘ Президентіне  сенім грамоталарын табыстады

Абу Даби, 2025 жылғы 10 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға Сенім грамоталарын табыстады.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен әңгімелесу барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.

Өз кезегінде Қазақстан дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар, Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.

Кездесу соңында БАӘ Президенті Елшіні аса жауапты дипломатиялық  миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.