Қазақстан Елшісі БАӘ Сыртқы істер министрлігінде сенім грамотасының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі БАӘ Сыртқы істер министрлігінде сенім грамотасының көшірмелерін табыс етті

2025 жылғы 19 маусым, Әбу Даби – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Сыртқы істер министрінің орынбасары Омар әл-Шамсимен кездесу өткізіп, сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланып, барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударылды.

Тараптар Әбу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның биыл 12 мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді уақтылы іске асырудың өзектілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Омар әл-Шамси қазақстандық Елшіні Әмірліктердегі дипломатиялық миссиясының басталуымен шын жүректен құттықтап, екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.