ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 19 мамырда сағат 10.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ғимаратында министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облысының азаматтарын қабылдайды және сағат 11:00-де тұрғындармен кездесу өткізеді (мекен-жайы: Өскемен қаласы, Д.Серікбаев көшесі, 19).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-(7232) 713-313 (жұмыс уақытында сағат 8-00 - ден 17-30-ға дейін) телефон нөмері арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.