Түркістан облысының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымының бос
директор лауазымына конкурс жарияланады
№ |
Аудан атауы |
Мекеме атауы |
Орналасқан жері |
Лауазым атауы |
Лауазымдық жалақы мөлшері (еңбек өтіліне қарай ) |
1 |
Келес ауданы |
«№51 «Ы.Алтынсарин» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Келес ауданы, Ошақты а/о, Ордженкидзе ауылы, М.Ауезов көшесі №19 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
2 |
Келес ауданы |
«№54 «Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Келес ауданы, Ошақты а/о Жиделі ауылы Қалаубаев көшесі №21 үй |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
3 |
Қазығұрт ауданы |
«Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы, Алпысбаев көшесі №11 үй |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
4 |
Сарыағаш ауданы |
«№62 Т.Бокин атындағы бастауыш білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Шайхана ауылы, Т.Бокин көшесіндегі №2 үй. |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
5 |
Сарыағаш ауданы |
«№56 бастауыш білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Жылға ауылы, Б.Тойшиев көшесіндегі №16 үй. |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
6 |
Сарыағаш ауданы |
«№23 Ғ.Мұратбаев таныдағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бағыс ауылы, Егеменді көшесі 12А |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
7 |
Сарыағаш ауданы |
«№65 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Ердәуіт ауылы, Жастар көшесі №25 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
8 |
Сарыағаш ауданы |
«№42 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Таскұдық аулы, Халықтар достығы көшесі №1
|
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
9 |
Сарыағаш ауданы |
«№21 Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Енкес ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №55 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
10 |
Мақтаарал ауданы |
«Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев а/о, Ырысты ауылы |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
11 |
Сайрам ауданы |
«№72 Х.Әдебеков атындағы шағын жинақты негізгірта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Сарыарық ауылы, Ы.Шалабаев көшесі, №6 ғимарат |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
12 |
Түркістан қаласы |
«Ақжайық музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы,Түркістан қаласы,160 орам,240 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
13 |
Созақ ауданы |
«І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Созақ ауданы, с.Таукент, Микрорайон 1 ЫКШАМАУДАН, 52 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
14 |
Жетісай ауданы |
«№19 Амангелді жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Жетісай ауданы, Казыбек Би а/о, А.Оспанова ауылы, Сабден көшесі №1 |
директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
15 |
Сайрам ауданы |
«№82 Наметов атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Шахабиддина көшесі №148 А |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
16 |
Мақтаарал ауданы |
«№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков а/о, Үлгілі ауылы, Орда көшесі №43 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
17 |
Қазығұрт ауданы |
«Атбұлақ» жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қазығұрт ауданы,Атбұлақ ауылы, Ж.Қаппаров көшесі 15үй |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
18 |
Сайрам ауданы |
«№61 Сүйерхан Базарбаев атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
160800, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округі, Бәйтерек ауылы, А.Курбанов көшесі, №32 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
19 |
Келес ауданы |
«№4 Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Келес ауданы, Абай ауылы, Б.Қырғызалиев көшесі, №15б үй орналасқан |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
20 |
Келес ауданы |
№61 «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Келес ауданы, Жамбыл а/о, Бекбота ауылы, Жамбыл көшесі №102 үй |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
21 |
Жетісай ауданы |
"Х.Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Жылысу а/о, |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
22 |
Сауран ауданы |
«М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
Жүйнек ауылдық округі, Шыпан ауылы, Байқоңыр көшесі, №18. |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
23 |
Келес ауданы |
«№4 Айгүл» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №105б үй |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
24 |
Сарыағаш ауданы |
«Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Қапланбек а/о Ташбұлақ е/м Достық н/з |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
25 |
Қазығұрт ауданы |
«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Қазығұрт ауданы, Қарабау а/о,Сынтас ауылы, Бәйдібек көшесі №35 А |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
26 |
Жетісай ауданы |
«Дана бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ а/о, Үшкөпір ауылы, Ақкөл 1 тұйық көшесі, №1 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
27 |
Жетісай ауданы |
«Бөбек» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Л.Мұсабаев көшесі, №23 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
28 |
Жетісай ауданы |
«Ақ көгершін» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о, Абибола ауылы, С.Абдыраймов көшесі, №13 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
29 |
Жетісай ауданы |
«Әлжан-ана бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о, Құрбан ата ауылы, Қ.Ахметов көшесі, №20А |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
30 |
Жетісай ауданы |
«Бүлдіршін» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жылысу а/о,Жылысу ауылы, Ақжол көшесі, №19 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
31 |
Жетісай ауданы |
«Нұр-Асықата» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Асықата кенті Ондасынова көшесі №10 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
32 |
Жетісай ауданы |
«№2 Ш.Қалдаяқов атындағы Асықата балалар өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Жетісай ауданы, Асықата кенті, Ж.Тойжанов көшесі, №4А |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
33 |
Жетісай ауданы |
«Қуаныш бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ а/о, Өркенді ауылы, С.Асанов көшесі, №12А |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
34 |
Келес ауданы |
«№7 «Шапағат» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Келес ауданы, Ораз ата а., Курылыс, 3а |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
35 |
Мақтаарал ауданы |
«№1 «Саят» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал а/о, Өркениет ауылы,Ж.Ибраев көшесі №52А |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
36 |
Мақтаарал ауданы |
«Арай» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жаңа жол а/о, Ақжол ауылы, І.Төленов көшесі 28 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
37 |
Мақтаарал ауданы |
«№3 «А.Әуметхан» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал а/о, Н.Есентаев ауылы, Бәйтерек көшесі №21 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
38 |
Мақтаарал ауданы |
№6 "Ата-Мекен" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал а/о, Көкарал ауылы, Алға көшесі №1Б |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
39 |
Ордабасы ауданы |
«Айгөлек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан а., Благова, 33 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
40 |
Отырар ауданы |
«Тәушен-ана» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №8 ғимарат |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
41 |
Төлеби ауданы |
«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жоғарғы Аксу а/о Мәдени ауылы |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
42 |
Арыс қаласы |
№11 Арыс бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны |
Арыс қаласы, Айтеке би 158 А |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
43 |
Кентау қаласы |
«Таңшолпан бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі 123 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
44 |
Сарыағаш ауданы |
«№12 Кәусар балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қабыланбек а/о Тыщенко көшесі №3 А б/н |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
45 |
Сарыағаш ауданы |
«№3 Балбөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны |
Сарыағаш қаласы, Мөлтек ш/а №2 "А" |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
46 |
Арыс қаласы |
«Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны |
Арыс қаласы, Қазақстан Республикасы, Әйтеке би көшесі, ғимарат №2 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
47 |
Төлеби ауданы |
«Төлеби балалар көркем сурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округі Бірінші мамыр ауылы |
Директоры |
263287 тг – 302707 тг дейін |
48 |
Қазығұрт ауданы |
«Абай» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қазығұрт ауданы,Жігерген ауылы, Т.Мырзалиев 12 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
49 |
Қазығұрт ауданы |
«№1 балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қазығұрт ауданы,Болашақ м/а, Ертіс көшесі №27 |
Директор
|
224415тг– 264 869тг дейін |
50 |
Қазығұрт ауданы |
«Ынталы» жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Қазығұрт ауданы, Ынталы ауылы, Иманбердиев көшесі №31 А үй
|
Директор
|
224415тг– 264 869тг дейін
|
51 |
Қазығұрт ауданы |
«Қосағаш» жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Қазығұрт ауданы, Қосағаш ауылы, Ә.Сапиев көшесі №126 үй |
Директор
|
224415тг– 264 869тг дейін
|
52 |
Қазығұрт ауданы |
«Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Турбатский С.О., С.Турбат, Бейбітшілік көшесі, 81 үй. |
Директор
|
224415тг– 264 869тг дейін
|
53 |
Сайрам ауданы |
«№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне |
Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округі, Шапырашты ауылы, Ақтан ата көшесі №19 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
54 |
Сауран ауданы |
«М.Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Сауран ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Ш.Қалдаяқов №2 ғимарат |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
55 |
Қазығұрт ауданы |
«Қызылсеңгір» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қазығұрт ауданы, Қызылсеңгір ауылы,Н.Машақұлы көшесі №20 үй |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
56 |
Түркістан қаласы |
«Әль-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы,Түркістан қаласы,Абылай Хан көшесі,104 |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
57 |
Сауран ауданы |
«Құлыншақ» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі. |
Сауран ауданы, Құмтүйін ауылы, Түркістан көшесі №19 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
58 |
Бәйдібек ауданы |
«Домалақ ана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі №57 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
59 |
Бәйдібек ауданы |
«Айгөлек» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Шақпақ ауылы, С.Әбдіжаппаров көшесі №24. |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
60 |
Сауран ауданы |
«М. Балақаев атындағы шағын жинақты мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі ауылы, Ә.Жангелдин көшесі, 19 ст-е' |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
61 |
Жетісай ауданы |
«Ақмарал» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі |
Жетісай ауданы, Хусайнов көшесі №47 |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
62 |
Түлкібас ауданы |
«Н.Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машатский С.О., С.Еңбекші, Қажымұқан көшесі, 3 корпус |
Директор |
187245 тг-227030 тг дейін. |
63 |
Түлкібас ауданы |
«Төлеби атындағы неігзгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түлкібас ауданы, Көкбұлақ ауылы, Б.Момышұлы көшесі н/з |
Директор |
224415тг– 264 869тг дейін |
64 |
Түлкібас ауданы |
«Мерей» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі |
Түлкібас ауданы, Керейіт ауылы, Еркінбек көшесі №13А |
Меңгеруші |
187245 тг-227030 тг дейін. |
1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, арнайы ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
1- Параграф. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
"Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері;
ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;
және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.
3-тарау. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
1-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор, меңгерушісі)
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;
педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді;
білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;
қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;
педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;
білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
1) мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
2) шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
3) республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) үшін:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі (немесе қорғаныс жүйесінде) кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы өтілі кемінде 1 жыл;
немесе педагог – зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; немесе білім беру ұйымы "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
4) арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы балабақша –мектеп, арнайы мектеп-колледж кешенінің басшысы (директоры) үшін:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
арнаулы мектептер (мектеп-интернаттар) үшін арнаулы білім беру ұйымының орынбасары немесе басшысы лауазымында кемінде 1р жыл жұмыс өтілі қосымша қажет;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
4-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары
1-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысы (директоры)
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады;
білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
ұйым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
кәсіптік–еңбек, оқу–танымдық, дене шынықтыру–сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушінің жеке басының ақыл-ой, эмоционалды және дене бітімінің дамуына, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту, азаматтылық пен патриотизмге, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау жолымен зияткерлікті байытуға ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайларына жақындатылған жағдайларды қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік көмекке және қолдауға мұқтаж балалардың білім беру бағдарламаларын - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білуге;
ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде жағдай жасайды;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады;
оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасына одан әрі бейімдеуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді;
асырап алушы ата-аналарды даярлау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде жеке психологиялық консультация беруді ұйымдастыру арқылы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді;
білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болады;
тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды;
отбасына реинтеграция (биологиялық отбасымен біріктіру) мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;
заңнамада белгіленген шектерде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына билік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогикалық кеңесті басқарады;
белгіленген тәртіппен аттестаттауды және педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімін жүргізеді;
кәсіби жетістіктері бар педагогтерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
қоғаммен байланысты жүзеге асырады;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді,
психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді;
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі және (немесе) білім беру ұйымдарының басшысы немесе басшының орынбасары лауазымындағы өтілі – кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.;
осы тармақтың 2, 3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
5-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары
1-параграф. Арнайы білім беру ұйымының басшысы (меңгерушісі) (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар)
арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
әдістемелік жұмысты басқарады;
құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
6-тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру
1-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;
педагогика мен психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
7-тарау. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары
1-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) басшысы (директоры)
біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі-Институт) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік - шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады;
барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін дамытуға бағыттайды;
институт қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, жетекші жоғары оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен білім беру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқа оқу іс-шараларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
институттың Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, штат кестесін, институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
педагогтердің кәсіби дамуын жүзеге асырады;
тыңдаушылар үшін кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады, бұл үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;заңнамада белгіленген тәртіппен институттың мүлкі мен қаражатына билік етеді, қаржы ресурстарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
институттың оқу-материалдық базасының есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртібі мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасайды;
институт ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық етеді;
мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда институт атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар;
педагогика және психология негіздері;
білім беру, андрагогика, синергетика, педагогика, психологияның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі;
ғылыми дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
2-параграф. Біліктілікті арттыру институты (филиалы) басшысының (директорының) орынбасары
нормативтік құқықтық актілерге және жарғылық қызметке сәйкес біліктілікті арттыру институты (бұдан әрі – Институт) құрылымдарының қызметін басқарады;
институттағы оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеудің дайындығына басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
баспа қызметін басқарады;
жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім беруді басқару органдары мен әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттырудың сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
институттың құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды институт басшысына ұсынады;
әдістемелік кабинеттердің, кафедралардың және басқа құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес береді, олардың жұмысын үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет, андрагогика, синергетика, педагогика, психология негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
ғылыми дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Бөлім 2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары 9-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы (директоры)
Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады;
мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді, психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді;
білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды, психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды;
қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады;
жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;
қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады;
материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді;
кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;
жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.;
жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді;
әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады;
уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 244-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогика және психология негіздері;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;
компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері.
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ақпарат алу үшін: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы. Анықтама сымтетігі: 8 (72533) 5-94-37, электронды почта Taspolat78@mail.ru.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.
Байқаушы кандидаттарға сұрақтар қоймайды, конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, кандидаттардың жеке деректеріне, конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жарияламайды, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.