7-10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.
Бақытжан Темірболат пен Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері Алматыда Министрлікке бағынысты мəдениет, спорт жəне білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Жауапты хатшы іссапар барысында коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан білім беру процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қоса білім алушылардың компьютер, ноутбук сынды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу жайын көрді.