«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) қолдау көрсетілетін жобалардың бүкіл цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз күні сағат 23:00-ден бастап 2025 жылғы 21 наурыз күні сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі.
Бұл уақыт аралығы пайдаланушылардың ең төменгі белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, осылайша қолайсыздықтарды барынша азайту көзделіп отыр.
Аталған кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистерге уақытша қолжетімділік шектеледі:
• eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
• e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сервистері;
•«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
• Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа да жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Мүмкін болатын қолайсыздықтардың алдын алу үшін «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және қажет болған жағдайда құжаттардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!