БІЛІМДІНІҢ ОРНЫ - ТӨР!

БІЛІМДІНІҢ ОРНЫ - ТӨР!

Бүгін 1 қыркүйек - Білім күніне орай орталық жанынан оқу орталығы ашылды. Оған орталық директоры Бауыржан Мастеков қатысып, оқушыларға білім жолында із қалдыруда сәттілік тіледі.

11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын ұштауды мақсат ететін курста қажетті пәндер қамтылмақ.

Мұғалімдер волонтерлік негізде қосымша сабақтар өтіп, қатысушылардың қабілетін арттыруға, өзін-өзі дамытуына атсалысатын болады.

Білімдінің күні жарық, орны төр. Ілім іздесеңіз, бізге келіңіз!