Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобалық басқару мәселелері мен халықаралық индекстерге арналған семинар

Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобалық басқару мәселелері мен халықаралық индекстерге арналған семинар

А.ж. 4 ақпанында  ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаменті  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобалық басқару мәселелері мен халықаралық индекстерге арналған семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар жобалық менеджмент саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкерлері жобалық менеджменттің барлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, жобалық қызметті енгізу бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті.

Сонымен қатар, министрліктің жаһандық инновациялық индекс (GII) және электрондық үкіметтің даму индексі (EGDI) сияқты халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының позициясын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары ұсынылды.

ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаменті Талдау және жобалық жұмыс басқармасының басшысы Ерлан Сатыбалдыұлы Жолдыбаев: «Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары және әрі қарай өсуде, мысалы, 2024 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы қадағалайтын 193 елдің арасында электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша 2022 жылғы 28-ші орынмен салыстырғанда 24-ші орынға ие болды. Электрондық үкіметтің даму индексі елдің электрондық үкіметінің мүмкіндіктерін үш маңызды бағыт бойынша өлшейді: онлайн қызмет көрсету, телекоммуникациялық байланыс және адами әлеует. Ол сондай — ақ еліміздің өз азаматтарымен өзара іс-қимылды және қолжетімділікті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды қаншалықты жақсы пайдаланатынын қарастырады», - деп атап өтті.

Қатысушылар сондай-ақ халықаралық рейтинг индикаторларын жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жеткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ елді одан әрі цифрландыру жөніндегі идеяларды талқылады.

Сарапшылар онлайн-қызметтер көрсету саласында мемлекет жүргізіп жатқан саясаттағы елеулі прогресті атап өтіп, олардың ел халқы мен бизнесі үшін пайдасын атап өтті.