Цифрлық даму министрлігі «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды.
Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.