ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы 13 желтоқсанда сағат 11:00 ден 13:00-ге дейін Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу өткізіп министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды мекен-жайы: Шымкент қаласы, Түркістан к. 1 (Жастар ресурстық орталығы).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +77252 24 75 50 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.