12 қарашада Demo Day өтеді

12 қарашада Demo Day өтеді

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырады

Күні: 2024 жылғы 12 қараша

Уақыты: 15:00

Өтетін жері: Астана қ., Қонаев көшесі 6, 2-қабат, «ҚазақстанТемірЖолы» көрме залы

Demo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Көлік министрлігі өткізеді. Министрлік тарапынан автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс-шарасында көрсетіледі.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, жетекші көлік-логистика және теміржол компаниялары қатысады.

Көлік саласындағы соңғы цифрлық трендтермен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 

БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:

+7 778 552 8116 – Еңлік Бердірахманова

Аккредитация 11 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.