Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырады
Күні: 2024 жылғы 11 қараша
Уақыты: 15:00
Өтетін жері: Астана қ., Республика даңғылы, 2 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы)
2024 жылғы 11 қарашада Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы аясында жобалар мен өнімдер көрсетілетін Digital Army Day шарасы өтеді. Қазіргі уақытта қорғаныс секторының цифрландырылуы әскерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару жүйелерін автоматтандыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Министрлік процестерді оңтайландырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуде. 17 жастан бастап әскери міндеттілердің өмірлік циклі толығымен автоматтандырылған.
БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:
+7 778 552 8116 – Еңлік Бердірахманова
Аккредитация 10 қараша сағат 17:00-ге дейін қабылданады.