2020 жылдың 21 ақпанында Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінде өзара әрекеттесетін қала ұйымдары мен мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Отырыста үш мәселе қаралды:
1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы 2019 жылғы қызмет туралы есеп;
2. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2019 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылау.
3. «Ертіс - адалдық аласы» аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
Кеңеске Екібастұз қалалық сотының соттары А.А.Махватова, А.М.Машрап, Г.Ш.Сейпенова, Екібастұз қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметінің бастығы В.А.Жолжақсынов, қалалық статистика бөлімінің бастығы К.К.Қожахметова, Екібастұз қаласының ХҚКО бөлімі басшысының орынбасары М.А.Мадияров, қала әкімі аппаратының бас маманы Т.Т.Дайырова, Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері М.И. Цыбизова, «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ-дағы МКК директорының орынбасары Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы М.Е. Сатвалдинова және қызметкерлері қатысты.
Бірінші мәселе бойынша, 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы көпшілік алдында талқылау өтті.
Екінші мәселе бойынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің баптарының негізгі ережелері ашып көрсетілді, неке бұзуды, тууды, қайтыс болуды тіркеуге қатысты сот актілерін қабылдау, азаматтарды одан әрі құжаттандыру, ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалану және т.б. қатысты заңнамаға енгізілген түзетулерді қолдану мәселелері талқыланды. АХАТ бөлімінің басшысы Кодекстегі мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі экстерриториялық қағидасына қатысты енгізілген жаңалықтар, әке болуды және бала асырап алуды тіркеуді алып тастау және т.б. туралы хабарлады.
«Ертіс- адалдық алаңы» аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша осы жобаның қызметімен қала әкімінің мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Т.Т. Даирова таныстырды. Ол сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шаралар, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныту туралы айтты. Сонымен қатар ол қатысушылардың өз қызметінде әдептілік пен адалдық қағидаларын басшылыққа алуы қажет екенін атап өтті.
Осы кездесудің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын және клиенттерге бағдарлануды одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды; қолданыстағы заңнамада анықталған қайшылықтар бойынша түсініктеме алу үшін әзірлеуші органдарға және ақпараттық жүйелердің әкімшілігіне жүгіну; тууды, қайтыс болуды тіркеу кезінде АХАТ саласында туындаған ескертулер бойынша ілеспе құжаттардың дұрыс толтырылуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерге хабарлау қажет.
Бұл кездесудің форматы халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатымен ғана өткізілген әр мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог түрінде өтті.