Құрметті оқырмандар! «Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына байланысты, азаматтарды қабылдауды шектейтінін хабарлайды.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында, АХАТ бөліміне шұғыл қажеттілікпен 9.00-13.00 дейін келуді сұрайды. Өтініштер мен сұрақтарыңызды rags.ekb@mail.ru электронды поштаға немесе 75-06-18, 75-06-19 нөміріне хабарласу арқылы қоя аласыздар. еGov электрондық үкімет порталы арқылы сіздер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы келесі қызметтерді онлайн түрде ала-аласыздар:
- неке қию туралы, некені бұзу туралы, туу туралы, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы анықтамалар алу;
- некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы, туу туралы, әке болуын анықтау туралы, бала асырап алу туралы қайталама куәліктерге өтініш беру;
- некені тіркеуге электрондық өтініш беру (бірінші рет некеге тұратын тұлғалар үшін);
- некені бұзу туралы электрондық өтініш беру (кәмелетке толмаған балалардың және өзара келісім бойынша мүліктік даулардың болмаған жағдайында) ;
- баланы тууды тіркеу туралы электрондық өтініш беру (жаңа туған нәрестелер);
- тегін ауыстыруды тіркеуге электрондық өтініш беру (неке құру негізінде, яғни егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін қалдырған жағдайда, күйеуі әйелімен ортақ тек ретінде біреуінің тегін таңдаса және некені бұзу негізінде, яғни, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде өтінім берілмесе, некеге дейінгі тегін қалпына келтіруге);
- қайтыс болуды тіркеуге электрондық өтініш беру
Тууды, некеге тұруды және некені бұзуды, әке болуды анықтауды, асырап алуды анықтамалар мен қайталама куәліктерді онлайн-қызмет арқылы ала алады.
Дендеріңіз сау болсын, өздеріңізді және жақындарыңыз бен отбасыларыңызды сақтаңыздар!