Екібастұз қаласында жыл басынан бері 984 жаңа туған сәби тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 110 жаңа туған балаға артық, 2019 жылдан осы күнге дейін 874 бала тіркелді.
Балалар-үлкен бақыт, әр ересек адамның өмірін шынайы қуанышпен және жылулықпен толықтыратын ғажайыптың кішкентай бөлшегі. Балалар ата - ананың махаббаты мен қамқорлығына зәру, әрбір бала жүрегі осы кішкентай бақыттан шеттетілмесе екен. Барлық балалар мен олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Жаздың бірінші күнімен келген бұл мереке күні жүздеріңізден күлкі кетпесін.
Әр балаға берік отбасы мен бейқам балалық шақ тілейміз. Балалардың күлкісі біздің ғаламшарды жарықтандырсын және біздің жердің әрбір кішкентай тұрғындарының дені сау және бақытты болсын.