Онлайн-конференция

Онлайн-конференция

Оқу орындарында терроризмге қарсы сананы қалыптастыру-Федоров ауданының ТЖБ қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өскелең ұрпақты қорғау-болашақтың кепілі.
Терроризмге қарсы комиссия отырысының тармақтарын орындау шеңберінде ТЖБ қызметкерлері білім беру бөлімімен және Федоров ауданының әкімдігімен бірлесіп а.ж. 28 шілдесінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-конференция өтті.
Іс-шараға аудан мектептерінің директорлары қатысты. Федоров ауданының ТЖБ аға инженері Данияр Бауыржанұлы Ғазез сөз сөйледі. Кездесу аясында онлайн-конференция қатысушыларына терроризм түрлері туралы айтып, іс-қимыл алгоритмін, осындай жағдайларда қандай органдарға жүгіну керектігін және т. б. түсіндірді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мектеп директорларының іс-әрекеттері, оқушылардың іс-әрекеттері және т.б. туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Онлайн-конференцияның негізгі мақсаты-оқушылардың, мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу орындарында терроризмге қарсы сананы қалыптастыру.

КОФ 3-курс курсанты
Қазақстан Республикасы
ІІМ ТЖК КТИ

Қатардағы  А. Молдахметов