28 тамызда «Конституцияның қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Конституцияның тарихи маңызы, негізгі өзгерістер мен толықтырулар, Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, сондай-ақ құқықтық жүйені жетілдірудің болашақтағы бастамалары мен бағыттары талқыланды.
Кездесу өте мазмұнды және нәтижелі өтті. Қатысушылар негізгі мәселелерді белсенді түрде талқылады, идеялармен бөлісті және маңызды қорытындыларға қол жеткізді. Іс-шара тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті, қазіргі кездің сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін терең түсінуге жол ашты.
ӨД РММ «Орталыққазжерқойнауы» ұжымы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды!