
Құрметті Байқоңыр қаласының, Төретам кенті мен Ақай ауылының тұрғындары!
Бүгінгі күні, мемлекет коронавирустық инфекциядан туындаған пандемиямен күресуде барлық шараларды қабылдауда және бұл күреске барлық азаматтар бей-жай қарамай өз үлестерін қосуда.
Осыған орай, мен Сіздерді "БізБіргеміз – МыЕдины" акциясы аясында біздің өңірдегі медициналық мекемелерге көрсетілген көмекпен таныстырып, барлығына алғыс білдіріп, үлкен «Рахмет» айтқым келеді, атап айтқанда:
- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «TelService Ltd» ЖШС өкпені жасанды желдетудің үш аппаратын сатып алғаны үшін;
- «Инфракос» ШЖҚ РМК оттегі концентраторының он екі аппаратын сатып алғаны үшін;
- ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Оралмағанбетов Баубек Жеткергенұлына және «Дар» ҚҚ басқармасының төрағасы Кусаинова Татьяна Васильевнаға жоғарыда көрсетілген аппараттарды сатып алуға және жеткізуге көмек көрсеткені үшін;
- Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарына оттегі концентраторының бес аппаратын сатып алғаны үшін;
- ЖК «Рзалиев» Рзалиев Еркін Оразайұлына және «Асар плюс» ЖШС-нің директорыЖумадияров Сейіл Бұхарбайұлына Төретам ауылдық ауруханасының ғимаратында қосымша провизорлық төсек орын ашу үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуде және медициналық персоналдың мобильді топтарының автокөлігіне жанар-жағар май бөлді;
- Байқоңыр қаласының еріктілері мен жастарына, азық-түлік және дәрі-дәрмек құралдарын қаланың мұқтаж тұрғындарына жеткізгені үшін.
Сондай-ақ, Сіздердің түсініп, қолдағандарыңызға алғыс білдіремін.
"БізБіргеміз-МыЕдины!"
Құрметпен,
ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Сүлейменов.