Төле би ауылдық мәдениет үйінде ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тамығының 15-тармақшасына, 182-бабы 2-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырады. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының мемлекеттік еңбек инспекторы Айдын Бибол және сақтандыру компаниясының қаржылық кеңесшісі Г. Сейдахметова Шу ауданы бойынша орналасқан ірі, орта және кіші кәсіпорын иелеріне міндетті екені жөнінде кездесу ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.