Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалар көбейіп жатыр. Осы жағдайларға байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Жанмұрат Бекмұрзаев Жазатайым оқиғалардың алдын алу және ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тамығының 15-тармақшасына, 182-бабы 2-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Т.Рысқұлов және Меркі аудандары бойынша орналасқан ірі, орта және кіші кәсіпорын иелеріне міндетті екені жөнінде кездесу ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.