
Байқоңыр қаласында жаңа коронавирустық инфекция (COVID - 19) бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты "Байқоңыр қаласының аумағында жаңа коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және шектеу бойынша қосымша шектеу іс-шараларын енгізу және Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 14 сәуірдегі №184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 327 қаулысына сәйкес ү.ж. 27 маусымы сағат 00.00-ден ү.ж. 5 шілдесінің 24.00-ге дейін келесі шешім қабылданды: Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің тұрғындарын және көліктерін, жедел қызметтер мен құқық қорғау органдарының қызметтік автомобильдерін қоспағанда, шектеу іс-шаралары кезінде азаматтардың Байқоңыр қаласына кіруі (шығуы) үшін арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда іске асырылады. Шектеу іс-шаралары кезінде азаматтардың Байқоңыр қаласына кіруі (шығуы) үшін арнайы рұқсаттама жұмыс орнына бару, мемлекеттік төлемдер алу, медициналық ұйымдарға бару, тұрғылықты мекенжайына шығу, оқу орындарына түсу, саяжай учаскелеріне шығу үшін, жерлеуді ұйымдастыру үшін келген (шыққан) жағдайда және Байқоңыр қаласының аумағында короновирустық инфекцияның алдын алу және таралуын шектеу жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі жедел штабтың шешімдерімен көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.