Халықаралық аренадағы жеңіс: қазақстандық ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды

Халықаралық аренадағы жеңіс: қазақстандық ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды

2024 жылғы 14-19 сәуір аралығында Египеттің Луксор қаласында ICPC World Finals 2022-2023 спорттық бағдарламалау бойынша Әлем Чемпионаттарының финалы өтті.

ICPC 2023 спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалында қазақстандық Батыр Сардарбеков тарихи «алтынды» жеңіп алды. Қазақстаннан барған спорттық бағдарламашылар ICPC жарыстарына 20 жылдан бері қатысып келеді және еліміздің қатысушысы алғаш рет тарихи жетістікке – алтын медальға қол жеткізді. Батыр Сардарбековтың жеңісі Қазақстанда осы зияткерлік спорттың дамуына үлкен серпін берері анық.

Қазақстаннан ICPC World Finals 2022-ге International IT University студенттері Айбар Қуанышбай, Батырхан Алтынбеков, Дінмұхамед Шорманхан және олардың жаттықтырушысы Ескендір Сұлтанов; Astana IT University-ден Парасат Қызылқанов, Дәулет Биахмет, Дінмұхамед Оралханов құрамында International IT University командасы қатысты олардың жаттықтырушылары Темірлан Сатылханов пен Адина Магавина қатысты.

Қазақстаннан ICPC World Finals 2023-ке Astana IT University командасының мүшелері Әділхан Мұратов, Нархан Қамзабек, Әлихан Әлиайдар және олардың жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов, Kazakh British Technical Universityден Дінмұхамед Тұрсынбай, Назарбек Алтыбай, Аманбол Қанатұлы және олардың жаттықтырушысы Әлімжан Аманов қатысты, Nazarbayev Universityден Рауан Омаров, Хафиз Батырхан, Дулат Алдажаров және олар жаттықтырушы Ерғали Зиятов, International IT Universityден Абдусаттар Сражов, Төрежан Ботақанов, Михаил Капитов және олардың жаттықтырушысы Ескендір Сұлтанов қатысты.

ICPC – әлемдегі ең ауқымды және беделді бағдарламалау жарыстарының бірі. Тарихта алғаш рет екі финал бір уақытта және бір жерде өтті. 2022 және 2023 жылдардағы чемпионаттардың финалдық жарыстары Covid-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

ICPC World Finals 2024 спорттық бағдарламалау бойынша Әлем чемпионатын қабылдайтын келесі ел – Қазақстан. Чемпионаттың финалы қыркүйек айында Астанада өтеді.

Қазіргі уақытта ҚР ЦДИАӨМ-нің қолдауымен құрылған спорттық бағдарламалау Федерациясы Қазақстанда спорттық бағдарламалауды дамытуды насихаттау және ынталандыру бойынша іс-шараларды белсенді жүзеге асыруда. Ол біздің олимпиадашыларымыздың кәсіби деңгейін арттыруға және олардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін жақсартуға күш салады.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі