Цифрлық даму министрлігі азаматтарды «Робокэш.кз» МҚҰ» моральдық шығынды өндіру үшін құзырлы органдарға хабарласуға шақырады

Цифрлық даму министрлігі азаматтарды «Робокэш.кз» МҚҰ» моральдық шығынды өндіру үшін құзырлы органдарға хабарласуға шақырады

Бұған дейін Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «Робокэш.кз» МҚҰ» ЖШС-не (zaimer.kz сайтының иесі) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы баспасөз хабарламасын ұсынған болатын.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Комитетке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түсті.

Бұдан басқа, Комитетке МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) тарапынан моральдық шығынды өндіру туралы өтініштер келіп жатыр.

Комитет моральдық шығынды өндіріп алу жөніндегі орган еместігін атап өтеміз.

Бұл ретте азаматтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес дербес деректердің таралуының салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы мәселені қарау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесілі жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды заңсыз бұзу, кемсіту немесе айыру нәтижесінде шеккен моральдық немесе физикалық азапты (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы») түсіну керек.

Моральдық шығынды өндіру сот тәртібімен жүзеге асырылатындықтан, азаматтар «Робокэш.кз» МҚҰ» ЖШС-не қатысты моральдық шығынды өндіру құқығын жүзеге асыру үшін азаматтық істер бойынша сотқа жүгінуі қажет.

Сонымен қатар, бұған дейін тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалып, оның қорытындысы бойынша «Робокэш.кз» МҚҰ» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын атап өтеміз. Оның шеңберінде ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.