Ұлттық Акселератордың іске қосуы бойынша Ішкі істер министрлігінде өткізілген кездесу

Ұлттық Акселератордың іске қосуы бойынша  Ішкі істер министрлігінде өткізілген кездесу

Бүгін, 2024 жылғы 1 наурызда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушин Ішкі істер министрлігінің ұжымымен жобалық басқарудың икемді әдістері (аджаил) негізінде жаңа бастамаларды акселерациялау және Ұлттық жобалық офистің Ұлттық Акселераторын іске қосу мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу Аппарат басшысы, полиция генерал-майоры О.Б. Бекиевтің төрағалығымен өтті.

Ұлттық Акселератор Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Government Asseleration және Capacity Building & Leadership екіжақты ынтымақтастығының екі бағытын іске асыру шеңберінде іске қосылады.

Акселерация шешімдерді бірлесіп әзірлеуді және оларды барлық мүдделі қатысушылардың мемлекеттік органдар, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық және сараптамалық қоғамдастық тарапынан, идеядан бастап нақты нәтиже алуға дейін нақты уақыт аралығы-100 күн ішінде іске асыруын көздейді.

Қ.А. Төлеушин қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу салаларында БАӘ Government аccelerators акселерациясының мысалдарын келтірді.

Кездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл қатысып, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Capacity Building & Leadership бағыты шеңберінде Ұлттық Акселератордың акселерациялық командаларының қатысушыларына арналған Executive Leadership оқыту бағдарламасын іске қосу туралы айтты.

Анықтама:

ІІМ жобалық офисі 2022 жылы «Qazaqstan Project Management Awards 2022» жобалық басқару бойынша Ұлттық конкурстың екі номинациясы бойынша «Үздік жобалық офис» және «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» жобасы үшін «Үздік жоба» номинациясы бойынша 1 орынға, сондай-ақ жол қауіпсіздігі жобасы үшін «Үздік жоба» номинациясы бойынша 2 орынға иеленді.