Жаңа әліпбиді жетілдіру жұмыстары әлеуметтік желі арқылы насихатталуда

Жаңа әліпбиді жетілдіру жұмыстары  әлеуметтік желі арқылы насихатталуда

2020 жылғы 22 мамырда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Тілдарын Қостанай» Facebook танымал әлеуметтік желісі арқылы «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын ілгерілету, оны көпшілік қауымға насихаттау мақсатында тікелей эфир жүргізді.

Тікелей эфирге ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің «Тіл-Қазына» ҰҒП орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Орфография жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы қатысып, «Жаңа әліпбиді жетілдіру жұмыстары» тақырыбында онлайн дәріс оқыды. Жалпы тікелей эфирге 45 адам қатысты.

Осы фарматтағы жұмыс жалғасатын болады. Келесі тікелей эфир 29 мамырда Facebook танымал әлеуметтік желісіндегі «Тілдарын Қостанай» парақшасы арқылы шығады.