«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы туралы заңы бойынша ақпарат

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы туралы заңы бойынша ақпарат

2023 жылғы 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіндегі кейбір өзекті мәселелерді реттеуді көздейді.

Заң жобасының негізгі ережелері:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе алатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалармен теңестіру арқылы тиісті жауапкершілік деңгейін қамтамасыз ету. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан жасалған теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтар (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тұжырымдамасын одан қызмет бағыттары бойынша нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру және әмбебаптандыру бірыңғай провайдер арқылы және өз бетінше көрсетілетін қызмет түрлерін заңнамадағы тұжырымдаманы әр уақытта өзгерту қажеттілігінсіз ұлғайту бойынша үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі шеңберінде өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру азаматтардың әкімшілік органдармен байланысып, жауап алуына қолжетімді мүмкіндік беретін пилоттық режимде сынақтан өткен жүйені пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылау.

Заң жобасы мыналарға бағытталған ережелермен толықтырылды:

  • қосымша қызметтерді енгізу және оларды көрсеткені үшін алымдарды белгілеу құқығын қамтамасыз ету арқылы Мемлекеттік корпорацияның пайдалы қызметін кеңейту мүмкіндігін жасау;
  • мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бірыңғай провайдер мәртебесінен және тиісінше арнайы құқық субъектісі мәртебесінен бас тарту;
  • серіктес ұйымдар арқылы өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру механизмін енгізу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның серіктес ұйымдарға қойылатын талаптарды, үлгілік әріптестік шартын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ серіктес ұйымдарды іріктеу жөніндегі құзыретін шоғырландыру;
  • ЖСН тіркеу кезінде шетелдіктердің міндетті түрде болуы шарттарын белгілеу;
  • заңнамаға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда мемлекеттік органдардың Мемлекеттік корпорацияны уақтылы хабардар етуі;
  • жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау механизмін енгізу;
  • Сондай-ақ заң жобасы дактилоскопиялық және (немесе) биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу міндетін алып тастайтын, шекарадан өту кезінде жеке басын куәландыратын және құжаттандыру кезінде белгілі бір дене мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды саусақ іздерін тіркеуден босатуды көздейтін нормалармен толықтырылған.