ЦДИАӨМ ұялы байланыс қызметтерінің құнына қатысты тергеуге қатысуға дайын

ЦДИАӨМ ұялы байланыс қызметтерінің құнына қатысты тергеуге қатысуға дайын

Соңғы уақытта ұялы байланыс операторларының тариф бағаларын көтеруі қоғамда белсенді талқылануда.

Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұялы байланыс операторларының тарифтері бағасының өсуіне қатысты көптеген шағымдар түсіп жатыр.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ведомствоның жылдық қорытынды брифингінде Бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтерінің тарифтеріне қатысты мемлекеттік реттеу жойылғанын хабарлады. Яғни, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Байланыс қызметтеріне тарифтерді ұялы байланыс операторлары негізделген шығындар есебінен дербес белгілейді.

Сондай-ақ азаматтарға ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өсуіне қатысы өтінішті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберу ұсынылады. Айта кетерлігі, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі бұзушылықты бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған.

Осыған байланысты, ЦДИАӨМ тарифтердің қамбаттылығына қатысты тергеу жүргізілген жағдайда, Министрлік уәкілетті орган ретінде агенттікке тиісті сараптамалық қорытынды беруге дайын екенін мәлімдейді.

Сондай-ақ БАҚ-та «соңғы жылдары операторлардың байланыс саласына құйған инвестицияларының азайғандығы» туралы ақпарат тарады. «Мысалы, 2021 жылы инвестиция көлемі 20%-ға, ал 2022 жылы 30%-ға азайған» делінген.

Алайда, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында байланыс және ақпарат саласына салынған инвестициялар көлемі 373 768 573 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі сомадан үш есеге артық.

 

ЦДИӨМ баспасөз қызметі