Елорда маңындағы Ақмол ауылы жуырда интернетпен түгелдей қамтамасыз етіледі

Елорда маңындағы Ақмол ауылы жуырда интернетпен түгелдей қамтамасыз етіледі

ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің жұмыс тобы Ақмола облысының Ақмол ауылына өңірдегі Интернеттің сапасын тексеру мақсатында барды.

Елді мекенде халық саны аз емес, 12 200 адамды құрайды. Сондықтан да аудан орталығын сапалы байланыспен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің талабы.

Қазіргі уақытта Ақмол ауылы ТОБЖ және телекоммуникацияның кабельдік желілерімен ішінара жарақтандырылған.

Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс сапасының мониторингі шеңберінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде елді мекенде бұзушылықтар мен байланыс сапасының төмендігі анықталды. Осыдан кейін ұялы байланыс операторы Аудан орталығы әкімдігінің ғимаратына тағы бір базалық станция орнатты.
Қазір ауылда Интернет желісіне қосылуды күтіп тұрған үш көше қалды.

Жиынның қорытындысы бойынша аталған көшелерді интернет-ТОБЖ арқылы қосу жоспары бекітілді. Осыған байланысты Комитет «Қазақтелеком» АҚ-ға байланыс желісін орнату және Интернет желісін тарту бойынша тапсырма берді.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі