12-13 желтоқсан - Астанадағы ICPC жартылай финалы (Northern Eurasia Finals): Орталық Азия студенттері спорттық бағдарламалаудағы үздіктер атағына таласты

12-13 желтоқсан - Астанадағы ICPC жартылай финалы (Northern Eurasia Finals): Орталық Азия студенттері спорттық бағдарламалаудағы үздіктер атағына таласты

1970-жылы басталған Халықаралық студенттік бағдарламалау олимпиадасы (ICPC) студенттерге алгоритмдік есептерде, бағдарламалауда және топтық жұмыста дағдыларды шыңдау платформасын ұсынатын жаһандық оқиға болды. ICPC жарыстары жыл сайын 110 елден және 6 континенттен 59 000-ға дейін студенттерді жинайды.

 12-13 желтоқсанда Astana IT University-де осы беделді Олимпиаданың жартылай финалы өтті. Іс-шара Орталық Азияның 4 елінен: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 3 адамнан тұратын 80-нен астам команда жинап, салтанатты ашылудан басталды. Қатысушылар өздерінің дағдылары мен таланттарын көрсете отырып, бес сағат бойы бақ сынасты.

 Жарысты спорттық бағдарламалау Федерациясы мен Astana IT University ұйымдастырды.«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолдауымен, Digital Nomads Kazakhstan IT қоғамдастығының өкілдерімен және еліміздің спорттық бағдарламалау саласындағы жетекші мамандарымен бірлесіп құрылды.

16 команда үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

9 команда екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

3 команда бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 Үздік нәтиже көрсеткен ТОП-3 команда ақшалай сыйлықтарымен марапатталды:

  • Astana IT University командасы құрамында: Нархан Қамзабек, Дінмұхамед Оралханов, Дәулет Биахмет, команда жаттықтырушысы - Темірлан Сатылханов. Бас жүлде-500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат.
  • International IT University командасы құрамында: Темірхан Зиманов, Федор Попов, Әлихан Зиманов, команданың жаттықтырушысы - Ескендір Сұлтанов, екінші жаттықтырушы Айбар Қуанышбай. 370 000 теңге мөлшерінде ақшалай сертификат.
  • Kazakh-British Technical University командасы: Дінмұхамед Тұрсынбай, Иван Топурия, Аманбол Қанатұлы, команда жаттықтырушысы - Әлімжан Аманов. 170 000 теңге сомасына ақшалай сертификат.

​​Бұл лайықты марапаттар қатысушылардың ерекше күш-жігері мен талантын, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің қолдауын көрсетеді. Жартылай финалға өту қатысушылар үшін әлемдегі ең мықты бағдарламашылармен күресу мүмкіндігін білдіреді, ал осы кезеңдегі үздік командалар әлемдік финалға билет алады, онда олар әлемдік IT-қоғамдастықта мықтылар атағы үшін күресті жалғастырады.

ICPC жартылай финалы (Northern Eurasia Finals) - бұл тек үздік атақ үшін күрес қана емес, сонымен қатар технологиялық білім беруді қолдау, бағдарламалауға деген қызығушылықты арттыру және студенттерді IT саласындағы жаңа биіктерге шабыттандыру болып табылады.

 

ЦДИӨМ баспасөз қызметі