
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Нұрланұлы Тұрысов 27 желтоқсанда сағат 15.00-де Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Талдықорған қаласының ХҚКО-да, Назарбаев көш. 67Б, 2 қабат мәжіліс залында өтеді.
Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7 775 808 0893 телефоны арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.