Бішкек қаласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша Түркі мемлекеттері Ұйымы елдері министрлерінің 5-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан елдерінің цифрландыру министрліктерінің өкілдері қатысты.
Министрлер маңызды бастамаларды талқылап, оларды жүзеге асырудың келесі қадамдарын анықтады. Іс-шараның қорытындысы бойынша министрлердің 5-ші кеңесінде қол жеткізілген нәтижелер мен шешімдерді көрсететін бірлескен Декларацияға қол қойылды.
Министрлер Әзербайжанның 2024 жылы АКТ бойынша Түркі мемлекеттері ұйымы министрлерінің 6-шы кеңесін өткізу туралы ұсынысын құптады. Бұл бастама осы стратегиялық маңызды секторда ұзақмерзімді ынтымақтастық пен дамудың маңызын айқындайды. Бұл қадам ТМҰ елдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тығыз ынтымақтастыққа және өзара қарым-қатынастарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Түркі мемлекеттерінің ұйымы өңірдегі инновациялар мен цифрлық технологияларды дамыту үшін бірлескен күш-жігер танытуға ықпал етуін жалғастырады.
Бұл іс-шара аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мәселелері бойынша ТМҰ жұмыс тобының отырысы өтті. Онда қазақстандық тарап өкілдері ТМҰ-ның технологиялық секторын дамытуға бағытталған негізгі бастамаларды ұсынды.
Қазақстандық тарап, оның ішінде ҚР ЦДИАӨМ, Астана Хаб, «ҰАТ» АҚ қызметкерлері төрт негізгі бастаманың таныстырылымын өткізді. Олар: «Public Service Gateway», «Unified Authentication of Digital Signatures based on 3D Trusted Party», «ICT skill development», «OTS Center of Digitalization». Бұған қоса, «Digitalization & Venture Fund» және «Turkic Metaverse» тұжырымдамалары бар. Таныстырылым аясында Қазақстанның кейбір бастамаларын табысты іске асырудың үлгісі ұсынылды, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер талқыланды. Барлық тараптар ұлттық шлюздер тұжырымдамасын іске асыру әлеуетін және электрондық қолтаңбаның түпнұсқалығын растау мүмкіндігін жоғары бағалады.
Бұл бастамаларды тиімді іске асыру үшін 2024 жылғы 20 қаңтарға дейін «Technical Integration Working Group» техникалық тобын құру туралы шешім қабылданды. Оның міндеті - жекелеген мемлекеттік қызметтерді іске асыру және құжаттармен электрондық алмасу үшін ұлттық шлюздер шеңберінде техникалық интеграция мүмкіндіктерін, сондай-ақ цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растау тетіктерін пысықтау.
Жұмыс тобының қатысушылары ақпараттық технологиялар саласындағы іс-шараларға технопарктердің, ақпараттық технологиялардың, бизнес-процестердің аутсорсингімен айналысатын компаниялардың және ТМҰ елдері стартаптарының белсенді қатысуын ілгерілетуге және қамтамасыз етуге келісім білдірді. Түркі технологиялық стартаптарының «Hero Training» және «Teknofest» бағдарламаларына қатысуына айрықша назар аударылды.
«Silk Road Innovation Hub» бас директоры Әсет Әбдуәлиев Кремний алқабында құрылған «Silk Road Innovation Hub» бағдарламасы бойынша қатысушы елдердің серіктестігін дамытудың маңызын атап өтіп, онлайн-таныстырылым жасады. Сондай-ақ, аталған жобаны қаржылай қолдау мүмкіндігі талқыланды.
ЦДИӨМ баспасөз қызметі