Бағдат Мусин «Qazaqstan Project Management Awards-2023» байқау жеңімпаздарын марапаттады

Бағдат Мусин «Qazaqstan Project Management Awards-2023» байқау жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы бұл конкурстың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтті, 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есе өскенін және қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтағанын айтты.

«Бүгінде осы салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік: былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке – жиырма миллиард долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 триллион теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент келесі жылдан бастап «Парыз» байқауының жеңімпаздарын анықтау кезінде қосымша тараптар болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – мемлекетіміз бен бизнес азаматтарымыз алдындағы ортақ борышы. Мемлекет басшысы Қазақстан тұтынушылар елі емес, өндірушілер еліне айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Алтын сапа» сыйлығының аясында «Qazaqstan Project Management Awards 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды, бұл жоба менеджменті жобаны жүзеге асыруда серпін алып, тиімділіктің драйверіне айналып келе жатқанының тағы бір дәлелі болды. Марапаттар үздік жобаға, жобалық кеңсеге және жоба менеджерлеріне берілді. Тіпті бағалаушыларға, барлық конкурстық өтінімдерді қараған адамдарға ерекше көңіл бөлінді.

Байқаудың мақсаты - жобаларды басқау әдістері мен құралдарын белсенді түрде еңгізіп, жұмыс жасайтын мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнесті және жоғары оқу орындарын қолдау.

Бұл ретте IT стартап жобасы алғаш рет президенттік «Алтын сапа» сыйлығын алды. Биыл «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясында 27 финалист (барлығы 221 компания өтініш білдірген) арасында бас жүлде MED365-ке берілді. Стартап Қазақстан тарихындағы ең жоғары марапат – «Алтын сапа» сыйлығын алған алғашқы IT-компания болды.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі