«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде ақпарат

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде ақпарат

Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы дербес деректерді қорғауды күшейтуге және ақпараттандыру объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін айқындауға бағытталған.

Заң бөлімде мынадай жаңашылдықтарды қарастырады:

  • дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға (ҚазақстанРеспубликасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі)Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралызаңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын беру;
  • мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған және технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жеке басты куәландыратын, дербес деректері бар құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салуды белгілеу

  • азаматтарды дербес деректердің таралып кету фактілері туралыхабардар ету;

  • «ақ хакерлер» институтын реттейтін ақпараттық қауіпсіздікзерттеушілерімен (BugBounty) өзара іс-қимыл бағдарламасын құру;

  • ақпараттық жүйелерді сынау процедураларын трансформациялау;

  • банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу;

  • цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияныңқолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және лицензиядан айыру (керіқайтарып алу) процедурасын белгілеу.