Қордай ауданында репродуктивті денсаулықтың мәнін, оны сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді

Қордай ауданында репродуктивті денсаулықтың мәнін, оны сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді

2023 жылдың 19 қарашасы күні облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен, Қордай ауданында репродуктивті денсаулықтың мәнін, оны сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ семинар тренингтің спикері білікті психолог Марал Хантөреқызы репродуктивті денсаулықты нығайтудың әдістерімен бөлісті.

Қатысушыларға тақырыпты түсіндіру барысында сұрақ-жауап форматында пікір алмасу болды.

Тақырыпты кең ашу үшін лектордың арнайы дайындаған ақпараттық материалдары көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.