Жұмыс кездесу өтті

Жұмыс кездесу өтті

19 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Сүлейменовтың Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық басқармалардың, қала әкімшілігінің және «Роскосмос» мемлекеттік корпорацияның Байқоңырдағы филиалы өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қазақстандық және ресейлік тараптардың 2019 жылғы 26 тамыздағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі ресей-қазақстан үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) алтыншы отырысы хаттамасының 5.4-тармағын орындау мәселелері талқыланды.
Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі жер учаскелерінің координаттарын анықтау бойынша далалық және камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне қала сыртымен өтетін айналма жолды жалдан шығару мәселесі де қозғалды. Аталған мәселелер бойынша тараптар ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, мәселені ҮАК кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу жоспарлануда.