«Бесағаш» шекара бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды

«Бесағаш» шекара бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды

2023 жылдың 10 қарашасы күні облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаменті мен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараздағы «Астана» көпсалалы колледжінің бір топ студенттеріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің департаментінде, шекарашылардың музейінде және «БЕСАҒАШ» шекара бөлімшесінде экскурсия өтті.

Студент жастар ондағы сарбаздардың жай- күйімен, тыныс –тіршілігімен танысып қайтты.

Шара аясында мемлекеттік грантты жеңіп алған бірқатар запастағы мерзімді әскери қызметшілерге сертификаттар табысталды.

Өткен жылдан бастап Қорғаныс министрлігі мен еліміздің бірқатар жетекші жоғары оқу орындары арасындағы келісімге сәйкес әскери борышын мінсіз, үздік өтеген әскерге шақырылған сарбаздар ҰБТ ұпайынсыз және қабылдау емтихансыз жоғары оқу орнына түсе алатын болды.

Кездесу барысында шекара сарбаздары мен студенттер арасында сыр – сұхбат өткізіп, ер жігіттердің Отан алдындағы борышын өтеу – өте абыройлы және азаматтық, перзенттік парыз екені айтылып, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери – патриоттық рух қалыптастыру, шекара қызметінің айбынын асқақтатуға бағытталған әңгіме құрылып, жас сарбаздарды қырағы, сақ, батыл болуға, міндеттерін адал атқаруға шақырды.