ҚР ЦДИАӨМ «Еуропа мен Орталық Азиядағы цифрландыруды жеңілдету: әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін инновациялар мен технологиялар саласындағы серіктестік» тақырыбында «БҰҰ-әйелдер» ұйымының аймақтық кеңсесі ұйымдастырған Generation Equality Regional Midpoint іс-шарасына қатысты. Шараға Босния және Герцеговина, Косово, Қазақстан, Украина және Өзбекстаннан 80-ге жуық мемлекет қызметкерлері, жеке сектор, жастар және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Кездесуде цифрлық гендерлік алшақтықты азайту, цифрлық қызметтер мен оқу құралдарына қолжетімділікті кеңейту, әйелдер мен қыздардың инновациялық экожүйелеріндегі көшбасшылығын күшейту мәселелері көтерілді.
ЦДИАӨМ вице-министрі Мәлік Олжабеков өз сөзінде тек технологиялық жетістіктерге ғана емес, әйелдердің құқықтары мен тең мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін инклюзивті цифрлық ландшафтты құруға да назар аудару керектігін атап өтті. Ол стратегиялық серіктестіктер мен инновациялар арқылы цифрлық айырмашылықтарды жоюға болатынын, цифрландыру инклюзивтілік пен теңдікке мүмкіндік беретін болашақты құруға болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арай Оразова Қазақстандағы Govtech-тің дамуы туралы баяндама жасады. Цифлық отбасы картасы кейстерін тәжірибеде қолдану, проактивті қызметтер туралы және бұл азаматтарға қызметтерді алуға қалай көмектесетіні және жеңілдететіні, сонымен қатар әйелдерді мемлекеттік қызметтерге тартуды арттыратыны жайлы айтты.
Кездесу нәтижесінде іс-шараға қатысушылар Қазақстанның Govtech саласындағы тәжірибесін жоғары бағалады және ЦДИАӨМ осы саладағы қосқан үлесі үшін марапаттады.
ЦДИАӨМ баспасөз қызметі