Қарағанды облыстық мәслихатының Қарағанды облысының сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру үшін ұсыныстарды қабылдау туралы хабары

Қарағанды облыстық мәслихатының Қарағанды облысының сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру үшін ұсыныстарды қабылдау туралы хабары

 

Соңғы жаңалықтар

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағанды облысының сайлау комиссиясының жаңа құрамының қалыптасуы туралы хабарлайды.

      Қарағанды облысының сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

      Қарағанды облысының комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

      Әрбір саяси партия Қарағанды облысының сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

     Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша сайлауға құқылы.

     Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2023 жылғы 9 желтоқсанға дейін Қарағанды облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша Қарағанды облысының сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) Қарағанды облысының сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмiнен көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың Қарағанды облысының сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

     Қарағанды облысының сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti?lang=ru) орналастырылған.

       Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуы тиіс.

      Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қарағанды облысының аумағында тұруға міндетті.

    Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттарға қағаз түрінде қол қойылған, мөр басылған, орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген болуы керек.

      Қарағанды облыстық сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 9 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 13 үй, 322 кабинет мекен жайы бойынша жүзеге  асырылады.

     Кобжанов Нуркен Сайфиддинович - Қарағанды облыстық мәслихат төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы,  Алиханов көшесі, 13 үй, 322 кабинет.

     Жауапты адам – Шайкенов Курмет Саулебекович, каб. № 322, қызметтік телефоны 50-66-73 (6107),  электрондық пошта мекенжайы obl@karoblmaslihat.gov.kz.