
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің Қамқоршылық кеңесі кластерге жаңа қатысушыларды қосу мәселелері және оның даму перспективалары талқыланды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылыми ұйымдарды, инвестициялық қорларды, білім беру мекемелерін қоса алғанда, әртүрлі бейіндегі заңды тұлғалар «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың құрамына енгізілуі мүмкін.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden) жер қойнауын пайдаланушыларды қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық дамуына ықпал ету мақсатында жаңа қатысушыларды қосуды белсенді қолдайды. Бұған өнеркәсіптік-инновациялық қызметке жәрдемдесу, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды беру және тұрақты серіктестік байланыстар орнату кіреді.
Инновациялық кластер резиденттері санының кеңеюі жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу процесін жеделдете отырып, геология, пайдалы қазбаларды өндіру және жер қойнауын пайдалануға байланысты басқа да салалар саласындағы мамандар санының артуына ықпал етеді. Сондай-ақ технологиялық шешімдердің сапасы мен тиімділігін жақсартатын қарқынды білім алмасуды және бәсекелестікті ынталандырады.
Осылайша Қамқоршылық кеңестің шешімімен инновациялық кластерге қатысушылар тізіміне сегіз жаңа ұйым енгізілді:
Инновациялақ кластерге қатысушылар тізбесіне кіретін жалпы саны 300 ұйымды құрайды.