Ағымдағы жылдың 19 қазанында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өңірлердегі инновациялық белсенділікті арттыру» онлайн-семинарын өткізді

Ағымдағы жылдың 19 қазанында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өңірлердегі инновациялық белсенділікті арттыру» онлайн-семинарын өткізді

Семинардың негізгі мақсаты Инновациялық обсерватория, «QazInnovations» ИДҰА» АҚ және «Qazpatent» ҰЗМИ өкілдерімен Қазақстан Республикасында инновациялық саясатты іске асырудың практикалық аспектілерімен технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету болды.

Семинар барысында «QazInnovations» ИДҰА» АҚ гранттық қаржыландыру құралдары және зияткерлік меншік құқығын алу мәселелері қаралды.

Семинарға әкімдіктердің, зерттеу институттары мен университеттердің, технологияларды коммерцияландыру және трансфер кеңселерінің, технопарктердің, инкубаторлар мен акселераторлардың, кәсіпкерлердің және инновациялар мен технологиялар саласындағы басқа да мүдделі субъектілердің 100-ден астам өкілдері қатысты.