Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректер тарап кеткен жағдайда, өтініштерді e-Otinish арқылы жіберуді ұсынады.
Дербес деректер тарап кеткен жағдайда, өз деректеріңізді қорғау және жағымсыз салдардың алдын алу үшін жазбаша немесе e-Otinish арқылы ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабарласу ұсынылады.
Құқықтары бұзылған дербес деректер субъектілері әкімшілік іс қозғау мәселесін қарау үшін e-Otinish арқылы ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіне алады. Анонимді және жеткілікті деректері жоқ өтініштер қаралмайды.
Өтініш беру үшін бұзушылық фактісін растайтын материалдарды ұсыну қажет:
Бұдан әрі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғаннан кейін дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс бойынша әкімшілік жаза қолдану немесе іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарады және өтініш берушіні қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 1000 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске саламыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңын және заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79 және 641-баптары), сондай-ақ жеке өмірге және Заңға қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы) көзделген.
Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әлеуметтік желілерде тарап кету туралы ақпаратты таратпай, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті орган - Комитетке тікелей жүгінуді қатаң түрде ұсынады.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
https://instagram.com/digital_ministry_kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.facebook.com/MDAI.KZ?mibextid=9R9pXO