Марғұлан университетіне Гонконг университетінің білім беру факультетінің қолданбалы педагогика профессоры Кэтрин Чан келді.
Іс-сапар барысында профессор Кэтрин Чан конференцияға «Latest Transformations of the Learning System in the Hong Kong Special Administrative Region (HKSAR): Strengths and Challenges in Post-Covid Times» баяндамасымен қатысады, сонымен қатар университет оқытушыларына шеберлік сабақтарын өткізеді.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев университетке экскурсия жасап, қонақты алпыс жылдан асқан оқу орнының тарихымен және жетістіктерімен таныстырды.
Кездесу барысында ғалымдар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, жұмысшылар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік беретін ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту, бірлескен семинарлар мен ғылыми конференциялар, тіл курстарын ұйымдастыру және Гонконг университетінің профессорларымен бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.